Димаш Құдайберген Алматыдағы фан-кездесуіне билеттердің қашан сатылымға шығатынын айтты

Димаш Құдайберген Алматыдағы фан-кездесуіне билеттердің қашан сатылымға шығатынын айтты , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 10:21 Сурет: dimashnews
Димаш Құдайберген 2025 жылғы 26 мамырда өтетін Алматыдағы фан-кездесуіне билеттердің қашан сатылымға шығатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Фан-кездесу билеттерін Ticketon сайтынан ертең сағат 20:00-ден бастап алуға болады. Ал 27 мамырда біз сіздермен "Stranger" концертінің кинотеатрлардағы көрсетілімінде көрісеміз!",- деп жазды ол.

Әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері міндетті түрде келетіндерін жазып пікір қалдырды. Енді бір фанаттар тобы сайттың жақсы жұмыс істеуін сұрады.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Мехикода мерекелік шара ұйымдастырғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: