Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Мехикода мерекелік шара ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Мехикода мерекелік шара ұйымдастырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 10:06 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
"Димаштың музыкасы балалардың жүрегінде": қазақстандық әртістің жанкүйерлері Мехикодағы кішкентай науқастарға мерекелік шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Dimashnews.com мәліметінше, шараға әлемнің түкпір-түкпірінен Dimah Qudaibergen Mexico, Dimash Tijuana Dears, Dimash Kudeaibergen Dears Mexico, Dimash Qudaibergen Mexico Be With Me Fanclub, Dimash & Dears Regias және Dears Chihuahua сияқты фан-клубтар қатысты. Олар Димаш Құдайбергеннің атынан онкологиялық бөлімшедегі балаларға сый-сияпат жасап, әрқайсысына шынайы қамқорлық көрсетті.

Сурет: dimashnews.com

Димаш Құдайбергеннің атынан олар онкологиялық бөлімдегі балаларға сыйлықтар беріп, әрқайсысына шынайы қамқорлық көрсетті.

"Ұлттық педиатрия институты әлеуметтік сақтандыруы жоқ балалар мен жасөспірімдерге жоғары білікті медициналық көмек көрсетеді. Мұнда онкология мен неврологиядан бастап иммунология мен паразитологияға дейінгі ең күрделі диагнозы бар науқастар емделеді",- делінген ақпаратта.

Кішкентай пациенттер осындай жүрекжарды ісі үшін Димаштың өзіне шын жүректен алғыс айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, 26 мамырда Almaty Astana стадионында қазақстандық әнші "D and Dears" фан-кездесуін өткізеді. Аталған іс-шара Димаштың туған күніне орайластырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: