Димаш Құдайберген Алматыдағы фан-кездесу жайлы басты сұраққа жауап берді

Димаш Құдайберген Алматыдағы фан-кездесу жайлы басты сұраққа жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 17:20 Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін қуантудан жалықпайды. Бүгін ол Алматыдағы фан-кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Алматыда өтетін "D and Dears" кездесуіне деген ерекше ықыластарыңызға қуанышымды сөзбен жеткізе алмайтынын айтты.

"Сіздердің көпшілігіңіз фан-кездесуде болатын-болмайтыным туралы сұрадыңыздар. Әрине, боламын!", - деп жазды Димаш.

Әнші дәл осы кеш үшін ұжымыммен бірге жанкүйерлерін ерекше қуантатын жаңа әндер мен бейнебаяндар дайындап жатқанын айтты.

"Мен сіздерді қатты сағындым, қымбаттыларым Dears. Сіздермен кездесуімізді асыға күтемін. Өздеріңізбен жылы шығармашылық атмосферада әңгімелесіп, сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын", - деді Димаш Құдайберген.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген 2025 жылғы 26 мамырда өтетін Алматыдағы фан-кездесуіне билеттердің қашан сатылымға шығатынын айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: