Димаш Құдайберген Барселонадағы фан-кездесуінің қалай өткендігін көрсетті

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бүгін, 2025 жылғы 3 маусымда, Instagram парақшасында Барселонада өткен фан-кездесуден бейнежазба мен репортаж жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымен 31 жастағы әнші өзін жанкүйерлердің қалай қарсы алғанын және жалпы кездесудің қалай өткенін көрсетті.
Артынша арнайы репортажбен бөлісті.
Әншінің жанкүйерлері бейнежазба астына жылы лебіздерін, алған әсерлерін жазып кетті:
- Димаш, сен мықтысың! Бәрі тамаша өтті!
- Керемет кеш болды!
- Димаш, сені көргеніме қуаныштымын. Қош келдің!
- Менің ең үлкен арманым орындалды, Димаш саған рахмет!
- Керемет, сен нағыз талантсың!
Бұған дейін әнші Сәкен Майғазиевтің 2000 адамға дүркіретіп той жасағалы жатқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript