Димаш Құдайбергеннің анасы желіге күйеуімен сурет жүктеп, көпшіліктің ықыласына бөленді
Сурет: Instagram/sveta_aitbaeva73
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтбаева желідегі оқырмандарын қуанышқа бөлеп, әсерлі суретімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 10 ақпан күні өзінің Instagram парақшасына күйеуі, әнші Қанат Айтбаевпен бірге түскен суретін жүктеді.
"Түнгі серуен",- деген жазба да қалдырды.
Сурет оқырмандарына бірауыздан ұнады, пікірлерге желідегі ағайын ізгі-тілектерін білдіре кетті.
- Үлгі тұтар отбасысыздар, аман жүріңіздер!
- Бақытты болыңыздар, жұптарыңыз жазылмасын!
- Қандай жылу сурет, осылай қол ұстасып, күлімдеп жүре беріңіздер!
- Ұлының да қызының да көркі қайдан дарығаны белгілі болды, керемет сурет!
Бұған дейін Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік жобасының тұсаукесерін көрермендермен бірге өткізгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript