Димаш Құдайбергеннің атасының қайтыс болғанына бір жыл: әнші әсерлі фотосуреттермен бөлісті
Әртіс Instagram-да атасы Құдайберген Айтбаев кішкентай Димашты көтеріп тұрған мұрағаттық фотосуретін жариялады.
"Мәңгі жүректесің папа...", – деп жазды әнші.
Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
2023 жылғы 13 маусымда 82 жастағы Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды.
Ол1941 жылы 25 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. Димаш Құдайберген - үлкен немересі, ескі қазақ дәстүрі бойынша ол атасы мен әжесі – Миуа Низамутдинова мен Құдайберген Айтбаевтың қолында тәрбиеленген.
2019 жылы Құдайберген Айтбаев елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін медальмен марапатталды. Сол кезде қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің атасына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов (қазіргі БҚО Бәйтерек ауданының әкімі) "Ерен еңбегі үшін" медалін табыс етті.