Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концертінің билеттері небәрі 8 минуттың ішінде сатылып кетті

Сурет: ru.dimashnews.com
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері жаңа рекорд жасады. Олар әншінің "Stranger" деп аталатын ән кешінің билеттерін бір демде сатып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.


"Дайындық аяқталды. Жарық сөнді... мен бар сезгенім – шексіз ризашылық. Алғашқы концерттің билеттері небәрі 40 минутта сатылып кетті. Біз тағы бір концерт ұйымдастырдық – ал оның билеттері бар болғаны 8 минутта өтіп кетті. Мексика, сен барлық армандарымнан асып түстің. Сіздердің қалауларыңызбен бір күннен кейін біз тағы да жүздесеміз. Бұл тек концерт емес... Бұл тарих, жарық және махаббат. Сіздердің сенімдеріңіз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғысым шексіз. Рахмет, Мексика", – деп жазды әнші.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та өткен концертінен кейін көпшілікке ризашылығын білдіргенін жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз