Будапештте балеттен өткен халықаралық байқауда Қазақстан өкілі үшінші орын иеленді

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Будапештте жас орындаушыларға арналған халықаралық Budapest Ballet Grand Prix 2025 байқауы өз мәресіне жетті. Додада 21 елден келген 77 биші өнер көрсетті. Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан атынан байқауға Қазақ ұлттық хореография академиясы колледжінің 1-курс студенті Әбілмансұр Сырманов қатысып, Junior санатында үшінші дәрежелі жүлде лауреаты атанды. Айта кетейік, бұл санатта қатысушылар жынысына қарай бөлінбеді, бұл бәсекелестік деңгейін айтарлықтай арттырды, делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылғы 22 қарашадағы хабарламасында.

BBGP байқауының мақсаты – талантты жас орындаушыларды қолдау, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және халықаралық сахнада тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.

Қатысушылардың жұмысына әлемдік балет өнерінің танымал шеберлері енген халықаралық қазылар алқасы баға берді.

Үшінші орынмен қатар, Әбілмансұр Сырманов бірнеше арнайы марапатқа ие болды. Ол Мажарстан би университетінің "Би әртісі" бакалавриат бағдарламасына тегін оқуға шақырылды, сондай-ақ Брно қаласында өтетін Еуропалық би байқауына қатысу ұсынылып, ұйымдастырушылар барлық шығынды өздері көтеретінін жеткізді. Бұған қоса, жас биші Норвегия ұлттық балеті 2 және Дрездендегі Semperoper Ballet труппаларына бір апталық тағылымдамадан өтуге шақырту алды.

Жас өнерпазды байқауға классикалық би педагогы Әсет Мұрзақұлов дайындады.

Бұған дейін әлемдік балет жұлдыздары Қазақстанда өнер көрсететіні хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін