Қазақстандық арудың Димашпен Алматы-Астана бағытындағы рейсте түскен суреті желіде танымалдылыққа ие болды

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық ару өзінің Instagram парақшасында әлемдік жұлдызбен түскен суретін жариялады. Ол танымал әнші Димаш Құдайбергенмен ұшақта бірге жолаушы болғанын жазып, бұл сәтті "сиқырлы ұшу" деп атады, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Айгүл Темірқұлованың жазуынша, рейс ел ішінде Алматы-Астана бағытында орындалған.

"Қандай ерекше сиқырлы ұшу болды десеңізші. Ұшақта қасымда Димаш Құдайберген отырды 😍 Ол ешқандай күзетсіз, ешқандай ілесіп жүрген адамдарсыз, көзілдірік пен маска киіп, ұшу аяқталған соң жүгіріп кете барды. Аңыз адам, бірақ сондай қарапайым, понтсыз. Онымен қатар отырғанда өзімді бақытты сезіндім, осындай селфи де жасадық) Ғалам, рақмет!",- деп жазды ол.

Жазба әншінің әлемдік жанкүйерлерінің арасында ерекеше танымалдылыққа ие болды. Ғаламшардың түкпір-түкпірінен ашылған фан-парақшалар суреттерді желіде бөлісіп, Айгүлді де әлемге танытты.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің елімізде өткен Silk Way Star ән байқауын қорытындылағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды