"Арманым жоқ". Димаш Құдайберген елімізде өткен Silk Way Star ән байқауын қорытындылады

Димаш Құдайберген, Silk Way Star, ән байқауы , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2025 09:50 Сурет: Silk Way Star
Халықаралық Silk Way Star байқауының ең құрметті қонақтарының бірі - әлем таныған қазақ өнерпазы Димаш Құдайберген болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл байқау 20 қыркүйекте тізгін қағып, қорытындысы кеше, 22 қарашада, сағат 22-00-де жарияланды. Моңғолиядан келген әнші Мишель Джозеф екі айға созылған Азиядағы жарқын ән байқауының жеңімпазы атанды. Оған байқаудың басты жүлдесін Димаш Құдайберген табыстады.

Ол композитор, дәстүрлі ұртын дуун ән салу мақамын заманауи жанрлармен, соның ішінде поп, R&B және фанкпен үйлестіре білген ерекше стильдегі танымал моңғол әншісі. Әртіс өз шығармаларында моңғол және ағылшын тілдерін қолданады.

Әлемнің ең үлкен сахналарын бағындырған Димаш шоудың дайындық деңгейін жоғары бағалап, Silk Way Star ең жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, жобаның ауқымы мен кәсібилігі ерекше екенін атап өтті.

Байқаудың ақтық кезеңінде жеті әнші өзара бақ сынасты: малайзиялық Язмин Азиз, өзбекстандық Мадинабону Адылова, Моңғолия әншісі Мишель Джозеф, Грузия әншісі Автандил Абесламидзе, Қазақстан атынан ALEM, Армения әншісі Саро Геворгян және Қытайдан келген Чжан Хэ Сюань.

Байқау қонағы - ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларына жолдаған құттықтауын жеткізді.

Мемлекет басшысы құттықтауын Ақорданың баспасөз қызметі кеше кешкісін жариялады.

"Құрметті Silk Way Star қатысушылары! Бүгін беделді халықаралық өнер додасы өз мәресіне жетеді. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Азия елдерінің рухани ықпалдастығын нығайтып, халықтарымыздың достығын бекемдей түсетін бірегей бастама. Silk Way Star – мәдени дипломатияның айқын көрінісі, ұлттарымыздың салт-дәстүрі мен шығармашылығын паш ететін тамаша жоба. Осындай ауқымды іс-шаралар ынтымағымызды күшейтеді, ортақ құндылықтарымызды жан-жақты дәріптейді. Теңдессіз жобаны табысты жүзеге асыруға мол үлес қосқан China Media Group медиакорпорациясына шынайы ризашылығымды білдіремін. Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея елдерінен келген дарын иелері өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, миллиондаған көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Баршаңызға алғыс айтамын. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіздер деп сенемін! Сіздерге амандық және сәттілік тілеймін!", делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: