Шөл даланы сусындатты: Димаш Құдайберген Мысырдағы алғашқы жеке концертін өткізді

Сурет: dimashnews
30 қарашада "The Pyramids Echo" атты алғашқы фестиваль аясында Димаш Құдайберген өзінің жеке концертін ұсынды. Бұл Димаштың африка құрлығындағы Мысыр пирамидаларының етегінде алғашқы өнер көрсетуі, сонымен қатар ТМД елдерінен шыққан әртістің алғаш рет сахнаға шығуы болды.

Кештің сиқырлы жарығында, мифтер мен көне құпияларға толы пирамидалар әрбір әнге өзіндік ерекше тарих сыйлады.

"Әр туынды жеке бір шағын спектакль секілді, Димаш әрқайсысында басты рөлді сомдады: "Fire" мен "Smoke" композицияларындағы харизматикалық жігіт, "Любовь уставших лебедей" әніндегі шынайы сезімнің қадірін білетін ер адам, "When I`ve Got You" және "SOS d’un terrien en détresse" шығармаларында өмірдің ең қымбат нәрселерін бағалай алатын тұлға бейнесінде көрінді",- деп жазды әншінің баспасөз қызметі.

Сурет: dimashnews

Сонымен қатар, Араб түнінің әуезінде қазақтың халық аспаптары ерекше әсерлі естілді, дәстүрлі саз домбыра, қобыз және сыбызғыдан төгіліп, "Stranger", "Адай" күйі және "Тау ішінде", "Дурдараз", "Let it be" сияқты қазақ тіліндегі әндер біртұтас терең сиқырға айналып, көрермендерді шөл даланың арасымен жетелеп өткен іспетті.

Сурет: dimashnews

Өз кезегінде Димаш көрермендерді концерттің басынан соңына дейін баурап, финалда залға үшінші рет түсіп, биске "Weekend" шығармасын орындап, бұл тамаша мерекеге жарқын нүкте, жоқ, нүкте емес, көпнүкте қойды, өйткені алда әлі талай кездесулер мен концерттер күтіп тұр.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Мысырда түскен отбасылық суреті желіде кеңінен тарауда екенін жазғанбыз.

БАЭ
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды