Димаш Құдайберген "Stranger" концерттік турын аяқтады

Сурет: Facebook/dimash_official
2025 жылғы 12 желтоқсанда Димаш Құдайберген Латвиядағы Рига қаласында Xiaomi Arena сахнасында өнер көрсетіп, өзінің ауқымды "Stranger" концерттік турын тамамдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турдың аяқталғаны жайлы әнші өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді. Концерттік бағдарлама Алматы қаласында бастау алып, 2022–2025 жылдар аралығында әлемнің түкпір-түкпірінде болды.

Осы жылдар аралығында Димаш Алматы – Ереван – Анталья – Куала-Лумпур – Гонконг – Будапешт – Стамбұл – Астана – Прага – Дюссельдорф – Нью-Йорк – Мехико – Барселона – Лондон – Берлин – Рига қалаларын қамтыды.

Концерттің иесі ретінде Димаш бір уақытта концертті қазақ және ағылшын тілдеріндегі сәлемдесумен бастап, латыш тілінде былай деп тіл қатты:
"Қайырлы кеш! Бүгін осында болу мен үшін зор мәртебе! Шынайы ықыластарыңыз бен энергияларыңыз үшін рақмет! Бұл кешті ұмытылмастай етуге тырысамыз!".

Бұл кеште Димаштың жеке концерттерінде алғаш рет рояльда оның інісі — Әбілмансұр Құдайберген де өнер көрсетті. Сонымен қатар, Димаш тек ән шырқап, дауыс жаттығуларын өткізіп қана қоймай, би тобының мүшелерін де құттықтап та үлгерді: Салтанатты — үздік хореограф атанғаны үшін, ал Александраны — туған күнімен құттықтады. Бұл сәтте Dears жанкүйерлері ағылшын тілінде ғана емес, латыш тілінде де хормен қолдау көрсетті.

Ал, "S.O.S." композициясын орындаудың алдында Димаш сахнадан алғаш рет Халықаралық көші-қон ұйымының (БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі) жаһандық Ізгі ниет елшісі ретіндегі мәртебесінде көрермендерге үн қатты.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің БҰҰ-ның дүниежүзілік ізгілік елшісі болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды