Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыз бен оның отбасын қандай сән-салтанатпен қарсы алғанын көрсетті

Сурет: Instagram/gulziraaidarbekova
Танымал қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова 2026 жылғы 12 қаңтарда желідегі оқырмандарын жылы отбасылық бейнемен қуантты. Халықтың сүйікті ұлы Қайрат Нұртастың анасы үлкен келіні Жұлдыз Әбдукәрімова мен оның ата-анасын қалай қарсы алғанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мальдив аралынан демалыстан келген үлкен ұлының отбасын Айдарбекова жарқырата ақ дастархан жайып күтіп алды.

Сурет: Instagram/gulziraaidarbekova

"Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт! Барлығы көріп жүрген күлімсіреу – шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға-жеткілікті…",- деп жазды Айдарбекова.

Жұлдызды отбасының жанкүйерлері әулетті түгелдей көргендеріне қуаныштарын жасырмай, жылы сөздерін айтып, ізгі-тілектерін білдірді.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың үлкен қызы кәмелетке толғанын Мальдив аралында атап өткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы
Айдарбекова Гүлзира
Әбдікәрімова Жұлдыз
Нұртас Қайрат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз