Қайрат Нұртастың үлкен қызы кәмелетке толғанын Мальдив аралында атап өтті

Қайрат Нұртастың үлкен қызы кәмелетке толғанын Мальдив аралында атап өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 13:25 Сурет: Instagram/kair_n
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың үлкен қызы Сезім 18 жасын отбасының ортасында, Мальдив аралында тойлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күнді отбасы тыныш, жылы атмосферада, шусыз мереке ретінде өткізген.

Қайрат Нұртастың үлкен қызы кәмелетке толғанын Мальдив аралында атап өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 13:25

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

"Сезімнің болмысы бөлек. Артық шуды, артық әрекетті, көп сөзді ұнатпайды... Англияға оқуға түскелі мінезі де өзгеріп келеді. Тым бауырмал, аса сезімтал болған. Отбасымен ғана өткізетін уақытты қатты бағалайды",- деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Сезім – отбасындағы үлкен қыз. Қазір ол шетелде білім алып жүр.

Қайрат Нұртастың үлкен қызы кәмелетке толғанын Мальдив аралында атап өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 13:25

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

"Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен. Өзіңдегі еркіндік, қарапайымдылық пен кең жүрегің сондай әдемі. Өмір жолың ашық болсын кәмелетке толған үлкен-бөпем",- деп аяқтады актриса сөзін.

Жұлдызды жұп сағат 00:00-де Сезімге торт пен сыйлықтарын табыстағанын да көрсетті.

Бұған дейін 68 жастағы Роза Рымбаева жастық шағын еске алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: