68 жастағы Роза Рымбаева жастық шағын еске алды

68 жастағы Роза Рымбаева жастық шағын еске алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 10:31 Сурет: Instagram/rozarymbaeva
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шығармашылық жолының 50 жылдығына арналған мерейтойлық концертінің қарсаңында жанкүйерлерімен архивтік фотосуреттерін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram желісінде жарияланған қара-ақ түсті суреттерде әншінің жас кезі бейнеленген. Бір фотода ол ақ түсті костюм киіп тұрса, енді бірінде сахнада көңілді би билеп жатыр.

Сурет: Instagram/rozarymbaeva

Суреттердің біріне әнші өз репертуарындағы "Сол бір кездер" әнінің жолын жазып қалдырған. Жанкүйерлері бұл жазбаға жылы лебіздерін білдіріп, өткен күндерді бірге еске алды.

  • Роза Қуанышқызы сіздей "Алтын әріппен" жазылған бізде өкінішке орай әзірге әнші жоқ. Қандай да кеш болсын, мерей той болсын сіздің әніңізбен ашылуы тиіс.
  • Осы суреті бала кезімізде айнаның алдында тұратын. Айналасын кестелеп, қатырып койған. Қарай беретін едім
  • Мені жас күнімнен Роза Рымбаеваға ұқсайсың дейді қазір 63 жастамын әлі қазіргі түріне ұқсатады
  • Керемет! Бұрын бұл әннің сөздеріне мән бермеген екенмін. Мағынасы қандай әсерлі, шіркін, жалындаған жастық шақ!
  • Роза! Осы әнді орындағанда 88-жылы орнымыздан тұрып билегеніміз есімде. Шыныменен сол кездер қайдаа
  • Есімде Роза Рымбаеваның альбомы шығып атағы әлемге танылғаны! Суретіне қарап қатты ұксағым келетін Қандай әдемі деп! "А Розе всего 18" деп жазылған еді

Сондай-ақ фотосуреттер топтамасында өнер иесінің жары, марқұм – Тасқын Оқаповпен бірге түскен сәттері де бар.

Әншінің оқырмандары олардың отбасы өнерлі, үлгі тұтарлық екенін атап өтті.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры жайлы қызықты мәліметтер жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: