Қайрат Нұртастың қызы оқырмандарын жаңа жазбасымен елжіретті
Сурет: Instagram/kaalau__
Қазақстандық өнер иелері Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың қызы Алау желідегі парақшасына жаңа бейне жариялап, көпшілікке жылу сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бойжеткен өзіне айтылған қошемет сөздердің арасында ерекше ұнататыны бар екенін айтып, анасымен түскен кадрларын жариялады.
Ол үшін ең басты қошемет сөз: "Сен анаңа ұқсайсың".
Алаудың оқырмандары да белсенділік танытып, жылы сөздерін білдірді.
- Анаңнан өткен сұлусың!
- Көркің мен тік мінезің қатты ұқсаған!
- Аумайсың ғой, аумайсың)
- Жұлдыз2 нұсқасысың ғой
Бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімованың Астанадан анасына пәтер сыйлағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript