Қайрат Нұртастың қызы үлкен кинода бой көрсетпек

Қайрат Нұртастың қызы үлкен кинода бой көрсетпек , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2026 10:16 Сурет: Instagram/kaalau__
Қазақстандық өнер жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау ірі киножобаға түсуге шақырту алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, Алау өз арманына қарай алғашқы қадамдарын жасап жатыр, ал киноға түсу мүмкіндігін ол құнды тәжірибе ретінде қабылдап отыр.

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жас актрисаның анасы қызының қатты толқып жүргенін, себебі үлкен жауапкершілікті сезінетінін де атап өтті.

"Бұл – баға жетпес тәжірибе. Уайымдағаны жауапкершілікті сезінгені шығар.Талпынысқа қолдау көрсетіп, жол сілтейтін мамандармен бірге түсірілімде болатыны тамаша",- деді актриса.

Алау – Жұлдыз Әбдікәрімова мен қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың ортаңғы қызы. Балалардың ішінде ол көпшілік алдында жиі көрінетіндерінің бірі.

Бұған дейін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тыңдармандарына алғысын білдіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: