Қайрат Нұртастың қызы көпшілікке өкпесін айтып, хейтерлерге үн қатты

Қайрат Нұртастың қызы көпшілікке өкпесін айтып, хейтерлерге үн қатты , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 13:16 Сурет: Instagram/kaalau__
Қазақстанның танымал жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау желіде көпшілікке назын білдіріп, ересектердің тарапынан қарша жауған хейттерге жауап қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бойжеткеннің айтуынша, оған көбіне 40-50 жастағы ересектердің тарапынан көңіліне тиетін ауыр сындар айтылады. Желідегі ағайын негізінен жасөспірімнің киімін, сырт келбетін сынға алатын көрінеді.

"Біз – өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Бізді қолдау керек. Түсіну керек. Жол көрсету керек. Ал, сіздер бізді қорлайсыздар. Сынды "тәрбие" деп жасырасыздар. Есіңізде болсын: сөз – өте қауіпті қару. Сіздің қарапайым пікіріңіз біреу үшін – жара. Ұят – мен емес. Ұят – ересек адамның баланы кемсітуі. Ұят – жек көруді "тәрбие" деп атау",- деді бойжеткен.

Жас блогердің бейнеүндеуіне желідегі ағайын пікір білдіріп, оның қолдаушылары да аз емес екенін жеткізді.

  • Өте дұрыс айтасың Жанымау! Сен ол кісілерге ренжіп кішкентай жүрегіңді жаралап ауыртпа! Ол кісілер 50-60 жасқа дейін өзгермеген және өзгермейді! Тек жеңіл қабылдап үйрен.
  • Дұрыс айттың жаным, осы "үлкендер" қашан есейеді екен?
  • Ботасы ата-анаңды ғана тыңда!
  • Алау, тек алға! Сен мықтысың!

Бұған дейін Amre наурыз айында жанкүйерлерін қуантпақ екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: