Amre наурыз айында жанкүйерлерін қуантпақ

Amre наурыз айында жанкүйерлерін қуантпақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 11:32 Сурет: Instagram/amre_official
Amre лақап атымен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев астаналық жанкүйерлерін қуантты. 22 наурызда ол елордада алғашқы жеке концертін өткізбек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығармашылық кеш QAZAQCONCERT үлкен концерт залында сағат 20:00-де өтеді. Әнші үшін бұл кеш ерекше болмақ, себебі ол сахнаға жаңа мәртебеде шығады.

"Жаңа мәртебе. Жаңа деңгей. Жаңа концерт. ҚР еңбек сіңірген қайраткері ретінде тұңғыш жеке кешімді Астанада өткізбекпін. Наурызды бірге қарсы алайық. Бұл кеш – жай концерт емес. Бұл – жаңа кезеңнің басталуы", – деп жазды Amre желідегі парақшасында.

Осылайша, әртістің жанкүйерлері жанды дауыста ән тыңдап, көктемді ерекше көңіл-күймен қарсы ала алады. Шоуға билеттер 5 мың мен 25 мың теңге аралығында болады.

Бұған дейін Димаш Құдайберген де жанкүйерлерін жаңа әнімен қуантқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: