Amre жантебірентерлік үнімен ән шырқап, көрермен көңілін тербеді
Сурет: Instagram/amre_official
Танымал қазақстандық әнші Amre (Ернар Садырбаев) телебағдарламалардың бірінде аты аңызға айналған композитор Нұрғиса Тілендиевтің "Құстар әні" әнін шырқады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әншінің орындауындағы тарихы терең ән көпшіліктің көңілінен шықты.
Тыңдармандар Amre-нің даусы тұнық әрі тылсым екенін айтып, әнді жүрекпен орындап шыққанын атап өтті. Кейбіреулер өмірден өткен жақындарын еске алып, бұл әнді олардың сүйіп тыңдағандарын айтты.
Бұған дейін жазғанымыздай, аты әлемге танылған Димаш Құдайберген 29 қаңтарда Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, Қазақстан шоу-бизнесін халықаралық дәрежеге шығаратын кез келгенін жеткізген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript