"Уақыт келді!". Димаш маңызды мәлімдеме жасады
Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Аты әлемге танылған Димаш Құдайберген 29 қаңтарда Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, Қазақстан шоу-бизнесін халықаралық дәрежеге шығаратын кез келгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сөйткен әнші көпшілікті Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық реалти-шоуын қолдауға шақырды.
"Қазақстан шоу-бизнесін халықаралық дәрежеге шығаратын кез келді. Біз енді көрермен емеспіз. Біз — сахнамыз. Индустриямызды, туризмды, экономикамызды шоу бизнес арқылы көтеруге дайынбыз. Осы байқауда жаңа есімдер, жаңа сапа, жаңа көзқарас туады. Бұл шоуды көру — жай көрермен болу емес, Қазақстан шоу-бизнесінің жаңа дәуірін қолдау. Әлем бізді тек талантты деп емес,ықпал ететін мәдени хаб ретінде тануы керек. Сол мүмкіндікті бірге жасайық. Сіздерден тек @voicebeyondhorizon парақшасына тіркеліп әлеуметтік желілерден қолдау ғана күтеміз. Жаңа қадам құтты болсын", деп жазды Димаш желіде.
Димаштың жаңа жазбасы 5 ақпанда Hunan TV арнасында шымылдығын түретін Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық реалити-шоуына арналған. Жобада Димаш атқарушы продюсер ретінде қызмет етеді. Шоуға әртүрлі елдерден сегіз вокалист қатысады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript