Amre "Интервидение" байқауынан кейін маңызды мәлімдеме жасады
Сурет: Instagram/amre_official
Қазақстандық әнші Amre халықаралық "Интервидение-2025" байқауында қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әншінің айтуынша, бұл жобаға қатысу оның шығармашылық жолындағы маңызды қадам болған.
"Мен өзіме сенімді болдым. Сенімдімін де. Әннің басында, жерде жатқанда, түтін қатты тұншықтырып жібергені болмаса, барлығы ойдағыдай болды",- деп жазды ол.
Оның сөзінше, оның жобаға қатысқандағы басты мақсаты Қазақстанның мәдениетін таныстырып, намысын қорғау болды.
Сондай-ақ, ол өзіне жоғары ұпай қойған қазыларға алғысын білдіріп, 1-ші орын алған Вьетнам халқын құттықтады. Ал қазақстандық әнші жоба қорытындысы бойынша 7-ші орынға тұрақтаған.
Өз кезегінде әншінің жанкүйерлері қолдау білдірді:
- Ернартай, Әміре атамыздың ақ жолын беріп, әлемдік аренаны бағындыра бер. Түтін жұтып тұрып (жатып) ән шырқаудың қаншалықты қиын екенін біз білеміз. Сонда да жақсы өнер көрсеттің. Самғай бер.
- Әміре Сенің жетінші болып шыққаныңды күтіп, тыныс алмай десем де болады бастан аяқ қарадым, керемет орындау болды, жоғары деңгейде!
- Барлығы керемет! Сенің қатысқанын олар үшін дәреже. Ал біз үшін әрдайым жеңіс!Қазақтың мәдениетін, тереңдігін, жоғары деңгейде көрсеттің сөз жоқ!
- Әмре атамыздай бүкіл дүние жүзіне танымал бол. Бүркіттей қалықтап, қашанда биікте бол!
Бұған дейін Аида Балаеваның Әміреге қолдау білдіргенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript