Аида Балаева Әміреге қолдау білдірді

Әміре, Ресей, байқау, Аида Балаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2025 10:36 Сурет: видеодан алынды
20 қыркүйекте Мәскеуде өткен "Интервидение" ән байқауында керемет шоу көрсете білген Вьетнам өкілі Дук Фук жеңіске жетті. Ал отандасымыз Amre 339 балл жинап, жетінші орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вьетнам әншісі Phù ç đng Thiên Vóng композициясын орындады. Ол аңыз бойынша өз елін қытай әскерінен құтқарған Вьетнам мифологиясындағы батыр Тхан Зенгке арналған.  Қазылар алқасы әншіге 422 ұпай берді.

Екінші орынды Қырғызстаннан келген The Nomad Trio-сы (373 ұпай), үшінші орынды қатарлық Дана әл-Мир (369 ұпай) иеленді. 

Байқауға 22 елдің әншілері қатысты. Ресейлік әнші  Shaman (Ярослав Дронов) қазылар алқасынан өз өнеріне баға бермеуді сұрады. Ол бұл ретте қонақтарды қабылдау заңдылығына сәйкес, өзінің жеңіске таласуға құқығы жоқ екенін айтты. Қазақстан өкілі Amre жетінші орынға ие болып, 339 балл алды.

"Қадірлі, Ернар! Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін!", деп жазды Instagram-дағы парақшасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әміреге қолдау білдіре отырып. 

Айта кетсек, аталған байқауда Amre қазақ тілінде "Даланың нұры" әнін орындады.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: