Әнші Amre тағы бір халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын қорғамақ

Amre, Интервидение, Ернар Садырбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 14:40 Сурет: instagram.com/amre_official
Мәскеуде өтетін "Интервидение-2025" халықаралық ән байқауында Қазақстанды Amre деген атпен танымал әнші Ернар Садырбаев танытатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл турлы 2025 жылдың 4 шілдесінде Ресейдің Қазақстандағы елшілігі хабар таратты. 

Ернар Садырбаев - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, халықаралық фестивальдар мен конкурстардың лауреаты.

Сондай-ақ, Amre поп, поп-классика, латын және R&B стильдерінде ән салады.

2021 жылы Ернар Садырбаев Қазақстандағы "Маска" телевизиялық шоуына қатысып, Бүркіт бейнесімен музыкалық жанкүйерлерін тамаша әсерге бөледі. Ол Ресейде де "Голос" байқауына қатысып, танымал болған. Amre бұл байқаудың финалына дейін жеткен.  Сол кездегі оның тәлімгері Дима Билан "Интервидение" елшісі екенін де айта кетелік.   

Бұған дейін 3-7 шілде аралығында Қытайдың Чунцин қаласында 2025 жылы өтетін ШЫҰ кинофестивалінде Қазақстан екі фильм ұсынатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: