Швециялық әнші Loreen "Евровидение" байқауында тағы жеңіске жетті
Сурет: instagram.com/loreenofficial/
"Евровидение" байқауында швециялық әнші Loreen Tattoo әнімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол қазылар алқасының да, көрермендердің дауысы бойынша көш бастады.
Loreen осымен "Евровидение" ән байқауында екінші рет жеңіске жетіп отыр. Ол 2012 жылы байқауға қатысып, жеңімпаз атанған еді.
Финляндиялық рэпер Käärijä Cha Cha Cha әнімен 526 ұпай жинап, екінші орын алды. Үшінші орынды израильдік әнші Ноа Кирель жеңді. Ол Unicorn дейтін әнді орындады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript