"Евровидение" байқауында Филипп Киркоровтың командасындағы әнші жеңіске жетті
Сурет: Threads/eurovision
17 мамыр күні өткен "Евровидение" ән байқауында алғаш рет Болгария жеңіске жетті. Ел намысын әнші DARA қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 жастағы жеңімпаздың шын есімі – Дарина Йотова. Ол "Bangaranga" әнін орындап, финалда 516 ұпай жинады. Әншіні байқауға Филипп Киркоровтың "Dream Team" командасы дайындағаны белгілі.
Ал ән авторларының бірі – Димитрис Контопулос. Ол бұған дейін Сергей Лазаревтің байқауға арналған әндерінің авторы болған.
"Тікелей эфир кезінде Филипппен сөйлестік, ол оған қатты жанкүйер болды", – деп жазды Яна Рудковская өзінің Telegram-арнасында.
Байқауда екінші орынды Израиль, ал үшінші орынды Румыния иеленді.

Сурет: Instagram/eurovision
"Келесі жылы Софияда кездескенше!" – деп қуанып жатыр байқау жанкүйерлері.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript