"Әбден лайықтысың!": Қазақстандық әнші халықаралық байқауда жеңіске жетті

"Әбден лайықтысың!": Қазақстандық әнші халықаралық байқауда жеңіске жетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 13:42 Сурет: Instagram/lim_0n
Сахнада Alex Lim деген лақап атпен танымал қазақстандық әнші Александр Лим Ресейдің Қазан қаласында өткен "Новая волна-2025" халықаралық байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқау 2025 жылғы 21–26 тамыз аралығында өтті. Екінші орынды красноярлық "Оберег" тобы алды. Ал, үшінші орынды екатеринбурлық Jummy мен қазақстандық Ерназар Жұбан (Yernazar) бөлісті.

34 жастағы Александр Лим бірнеше телешоуларға қатысқан. Дегенмен, көпшілікке желіде танымал әндердің каверлерін орындау арқылы танылды.

Лим марапаттау сәтінің видеосын бүгін, 28 тамызда жариялады. Қазақстандыққа пианист Игорь Крутой құттықтау сөзін айтып, сәттілік тіледі.

"Бірінші орын – Alex Lim (Қазақстан)", – делінген жазбада.

Әншінің жанкүйерлері оның бұл марапатқа әбден лайық екенін айтып, құттықтауларын білдірді:

  • Алға, Қазақстан!
  • Жарайсың!
  • Құтты болсын!
  • Сен кереметсің!
  • Нағыз талант алғаны қуантады!
  • Қазақстандықтар алға!
  • Жеңіс! Тек қана жеңіс!
  • Әбден лайықтысың!
  • Қуаныштымын, жарайсың!

Бұған дейін Алматыда беларусь әншісі Макс Корждың концерті тағы да өтпейтін болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: