Қазақстандық теннисші Қытайдағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды
Сурет: instagram/kulambayevaa
2025 жылғы 14 қыркүйекте қазақстандық Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен топырақ төсенішіндегі турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жібек Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен жұптық сында WTA 125 санатындағы турнирдің финалында жапониялық Момоки Кобори/Аяно Шимицу дуэтімен кездесті.
Қазақстандық-словениялық жұп жарысқа екінші нөмірлі, ал жапониялық төртінші нөмірлі жұп ретінде тіркелген.
Нәтижесінде Құламбаева мен Эрьявец фаворит мәртебесін ақтап, матчта жеңіске жетті. Ойын екі сетте 6:4, 6:2 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 5 минутқа созылды.
Айта кетейік, 13 қыркүйекте Чхунчхонда Қазақстан теннис құрамасы Дэвис кубогында Оңтүстік Кореяға есе жіберген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript