Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 19:41 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының теннисшісі Сандуғаш Кенжебаева Қытайдың Мааньшань қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы ресейлік Софья Лансеремен жұптасып, финалда Қытай өкілі Мэйки Го мен Таиланд спортшысы Пеангтарн Плипуечті тізе бүктірді.

Кездесу 6:3, 3:6, 10:8 есебімен аяқталды.

Бұл Сандуғаш үшін ITF аясында өтіп жатқан биылғы маусымдағы төртінші жұптық чемпиондық атақ болды. Бұған дейін ол Түркияның Анталья қаласында өткен жұптық жарыстарда үш рет топ жарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: