Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген "Singer 2024" ән байқауында тағы өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген, Қытай, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 20:47 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Отандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі суреттерінен бүгіндері Қытайда жүргенін бірден аңғаруға болады. Қытайдың әлеуметтік желісінде атақты жерлесіміздің "Singer 2024" ән байқауына арнайы келгені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Қытайдың "Singer 2017" ән байқауында екінші орынға ие болған еді.

Бұл жолы Димаш атақты ән додасының құрметті қонағы ретінде сахнаға шығып, биылғы байқаудың қатысушысы, америкалық әнші, композитор, актриса Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетеді. Шанте, негізінен, джаз әндерін орындайтын әнші. 

Димаш Құдайберген, Шанте Торрейн Мур, Singer 2024, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 20:47

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Аталған додада Қазақстан атынан биыл Рухия Байдүкен бақ сынап, 8-кезеңнен ары аса алмады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: