Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген Қытайда жаңа жылдық гала-концертте өнер көрсетеді

Әлеуметтік желі Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасы - CCTV ұйымдастыратын жаңа жылдық гала-концертте екінші мәрте өнер көрсететінін айтты. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CCTV-ның жаңа жылдық гала-концерті Көктемгі фестивальдің гала-концерті ретінде де танымал әрі ол қытай тілінде Chunwan деген аббревиатурада берілетін China Media Group дайындаған қытайлық жаңа жылға арналған арнайы іс-шара.

Осы бір жарияланымға берген өз сипаттамасында Димаш Құдайберген бұл іс-шараға екінші мәрте қатысатынын айтады.

Қытайдың Орталық теледидары ұйымдастырған жыл сайынғы көктемгі фестивальдің гала-концерті  Қытайдың Жаңа жылын тойлаудың маңызды бөлігі болып табылады, ол 1983 жылы алғаш рет Қытайда және шетелде тікелей эфирден көрсетілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз