Алан Құрманғалиев China Youth Smash турнирінің жартылай финалына шықты

Алан Құрманғалиев, үстел теннисі, China Youth Smash, турнир, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2025 15:55 Сурет: ҚР ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалға жолдама алу үшін өткен тартысты матчта Алан жекелей және жұптық сайыста жастар арасында әлем және Азия чемпионы Ли Хэченнен (Қытай) басым түсті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Кездесу 4:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Айта кетсек, Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: