Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанды

Заңғар Нұрланұлы, Корея, J200 турнирі, чемпион , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2025 11:38 Сурет: ktf.kz
ITF Juniors әлемдік рейтингісінде 25-орынға тұрақтаған Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өткен J200 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors жарысында қазақстандық теннисші финалда жергілікті спортшы Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирді бірде-бір сет жоғалтпай аяқтады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы

Бұл — Заңғардың ITF Juniors турындағы жеке сындағы алтыншы титулы. Бұған дейін мынандай турнирлерді бағындырған:

  • J100 Aizkraukle;
  • J200 Shymkent;
  • J100 Izmir;
  • J30 Tsaghadzor;
  • J30 Trnava.

Келесі аптада ол Вонджуда өтетін J300 турнирінде өнер көрсетеді.

Бұған дейін қазақ футболының тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуына себепші - "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке елімізде сусын шығаратын танымал компания өкілі су жаңа автокөліктің кілтін табыс етілгені белгілі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: