Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореядағы беделді турнирдің финалына шықты

Заңғар Нұрланұлы Кореядағы жасөспірімдер арасындағы беделді турнирдің финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2025 12:43 Сурет: ktf.kz
ITF Juniors әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы J200 санатындағы халықаралық турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа бірінші нөмірлі спортшы ретінде қатысып жатқан қазақстандық теннисші жартылай финалда оңтүстіккореялық Сион Джиді 6:1, 7:5 есебімен жеңді.

Заңғар енді шешуші матчта тағы бір оңтүстіккореялық теннисші Мин Хук Чомен кездеседі. Ол жартылай финалда қазақстандық Даниэль Тазабековті жеңген еді.

Финалдық матч ертең, 5 қазанда өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Александр Бублик жарақатына байланысты ATP 250 Almaty Open турниріне қатыса алмайтынын хабарлаған едік.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: