Александр Бублик жарақатына байланысты ATP 250 Almaty Open турниріне қатыса алмайды

Александр Бублик жарақатына байланысты ATP 250 Almaty Open турниріне қатыса алмайдыАлександр Бублик жарақатына байланысты ATP 250 Almaty Open турниріне қатыса алмайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2025 12:34 Сурет: ktf.kz
Александр Бублик Ханчжоу қаласында АТР 250 жарысының финалында алған жарақатына байланысты Almaty Open турнирінде ойнай алмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жарақат оған Бейжің мен Шанхайдағы жарыстарда толыққанды ойнауға мүмкіндік бермей, ол алғашқы айналымдарда жеңіліс табуына себеп болды.

Медициналық штаб Александрға жаттығулар мен жарыстарды азайтып, жарақаттың нақты сипатын анықтау және қажетті оңалту шараларын белгілеу үшін шұғыл тексеруден өтуді ұсынды.

"Александр үшін Алматыдағы жарыс ерекше маңызды болғандықтан, ол бұл турнирде өнер көрсетуді қатты қалаған еді. Дегенмен, жарақатты асқындырып алмау үшін осындай шешім қабылданды". Қазақстан теннис федерациясы

Ол барлық жанкүйеріне қолдауы үшін алғыс айтып, жақын арада қайта жүздесуге үмітті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жаңартылған тізімде 16-орынға көтерілгенін хабарлағанбыз. Бұл – оның жеке рекорды, бұған дейін спортшы 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: