Александр Бублик Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайды

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 18:37 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы, Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Александр Бубликтің еліміздің оңтүстік астанасында 11-19 қазан аралығында өтетін жылдың басты теннис оқиғасы - Almaty Open ATP 250 турнирінде өнер көрсететіні ресми расталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик – әлемдегі ең танымал ойыншылардың бірі. Ол бес рет жекелей сында АТР турнирлерінде чемпион атанған: Галле АТР  500 (2023, 2025), Монпелье АТР 250  (2022, 2024) және Антверпен АТР 250 (2024).

Александрдың Алматыда өнер көрсетуі ерекше болмақ: ол қазақстандық жанкүйерлердің қолдауымен Almaty Open ATP 250 турнирінде алғаш рет ойнайды.

"Өз алаңымызда ойнау ерекше жауапкершілік үстейді әрі үлкен дем береді. Мен Алматы кортына шығу сәтін асыға күтемін, жанкүйерлерімізді жарқын ойын, жақсы нәтижемен қуантамын деп үміттенемін. Өз жанкүйерлеріңнің қолдауы әрқашан күш береді".Александр Бублик

Еске салайық, бұған дейін Алматыға әлемдік теннистің басты жұлдыздарының бірі Стефанос Циципас пен Даниил Медведевтің келетіні ресми расталған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: