Стефанос Циципас Almaty Open турниріне қатысатын болды

Стефанос Циципас Almaty Open ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 19:16 Сурет: instagram.com/stefanostsitsipas98
Алматыға әлемдік теннистің басты жұлдыздарының бірі Стефанос Циципастың келетіні ресми расталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің бұрынғы 3-ракеткасы, Astana Open ATP 500 турнирінің финалисі – грекиялық теннисші Almaty Open ATP 250 жарысының титулы үшін сынға түседі.

Оның есебінде жекелей сында 12 ATP титулы бар. Сондай-ақ Roland Garros (2021) және Australian Open (2023) турнирлерінде финалға дейін жеткен.

2019 жылы ATP Finals турнирінің жеңімпазы атанды. АТР додаларында 300-ден астам жеңіске жеткен. 

"Мен Қазақстанға қайта оралатын сәтті асыға күтемін. Мұнда тамаша жағдай жасалған, жылы қарсы алады, жанкүйерлер де қызу қолдайды. Алматыда кездескенше!"Стефанос Циципас

Еске салайық, бұған дейін Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайтынын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: