Бублик әлемдік рейтингіде жоғарылап, өз рекордын жаңартты

Бублик әлемдік рейтингіде жоғарылап, өз рекордын жаңартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 17:52 Сурет: ktf.kz
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингіні жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жаңартылған тізімде 16-орынға көтерілді. Бұл – оның жеке рекорды, бұған дейін спортшы 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.

Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі себеп болды.

Әлемдік рейтингіде испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орында - италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: