Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бірден 38 сатыға жоғарылады

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2024 19:02 Сурет: ktf.kz
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған әлемдік рейтингіде қазақстандықтардың орны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 24-тен 25-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 56-дан 58-ге сырғыса, Михаил Кукушкин 135-тен 132-ге, Денис Евсеев 160-тан 153-ке көтерілді.Өткен аптада Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 223-тен бірден 38 сатыға жоғарылап, 185-тен бір шықты. Дмитрий Попко 186-дан 187-ге төмендеді.

Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 54-ке түссе, А.Бублик – 131, Андрей Голубев 148-орнын сақтап қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: