Қазақстандық 12 теннисші әлемдік рейтингіде жоғарылады
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық жас теннисшілер ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) және ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер рейтингісінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингісінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев - 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева - 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда.
Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгілер арасында Родион Трайгель - 28, Роберт Каминский - 33, Аңсар Ниетқалиев - 81, Ахмади Маханов - 83, қыздардан Линара Бөлешева - 60, Руслана Русланова 95-сатыға жайғасты.
ATF рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина екінші орында келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript