Қазақстандық теннисшілердің ITF жасөспірімдер рейтингіндегі орны жоғарылады

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Асылжан Арыстанбекова алдыңғы аптамен салыстырғанда екі саты жоғарылап, қазір 86-орында тұр.
Айя Нүпбай 150-орынға (+9), ал Полина Слепцова 226-орынға (+8) табан тіреді.
Ұлдар арасында Әмір Омарханов 100-орынға жайғасты.
Даниал Рахматуллаев 129-орында (+5), Ерасыл Ерділда 192-орында (+2) тұр. Виталий Зацепин 174, Ілияс Маратұлы 272, Заңғар Нұрланұлы 325, Дамир Жалғасбай 399-орынды сақтап қалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript