Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылап, жеке рекордын жаңартты
Сурет: Instagram/BUBLIK
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик кәсіби теннисшілер одағы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте өз көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Александр үш сатыға көтеріліп, қазір 13-орында тұр. Бұл - оның мансабындағы ең жоғары нәтиже, делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.
Бұған дейін қазақстандық спортшы алғаш рет Парижде өткен "Мастерс" санатындағы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, канадалық Феликс Оже-Альяссимге (ATP рейтингінде 8-орын) жол берген болатын.
Бұған дейін WTA қорытынды турнирінің алғашқы матчында әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript