Александр Бублик биылғы маусымдағы төртінші титулын жеңіп алды

Александр Бублик биылғы маусымдағы төртінші титулын жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 18:32 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Чанчжоу (Қытай) АТР 250 турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда әлемнің 88-ракеткасы, франциялық Валентен Руаемен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бублик 7:6, 7:6 есебімен қарсыласын қапы қалдырып, биылғы маусымдағы төртінші титулын жеңіп алды.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 21 эйс орындап, үш қос қателік жіберді. 

Енді Александр осы жетістігінің арқасында ATP рейтингінде үш саты жоғарылып, карьерасында алғаш рет 16 орынға тұрақтады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: