Александр Бублик Вена турнирінің ширек финалында

Александр Бублик Вена турнирінің ширек финалында, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 22:44 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик Вена турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші аргентиналық Франсиско Серундолоны 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, ATP 500 Вена турнирінің 1/4 финалына жолдама алды.

Бублик 1 сағат 6 минутқа созылған матчта 11 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ал қарсыласы Серундоло 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бәрін де құр жіберді.

Енді қазақстандық теннисші ширек финалда италиялық теннисшілер Янник Синнер мен Флавио Каболли арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің ширек финалына шыққанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: