Елена Рыбакина Токио турнирінің ширек финалына жолдама алды

Елена Рыбакина Токио турнирінің ширек финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 17:09 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 22-орында тұрған канадалық, 2021 жылғы АҚШ чемпионатының финалисі Лейла Фернандеспен шеберлік байқасты.

Бірінші партия 6:4 есебімен Еленаның пайдасына шешілді. Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты сәтті аяқтай алды — 6:3. Бір сағат 28 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, тағы бір канадалық Виктория Мбокомен кездеседі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: