Рыбакина, Бублик және Шевченко беделді жарыстардың ширек финалдарына жолдама алды

Рыбакина, Бублик және Шевченко беделді жарыстардың ширек финалдарына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 10:26 Сурет: ktf.kz
Әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 88-орындағы канадалық, 18 жастағы Виктория Мбоконы қапы қалдырды. Матч 6:3, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді.Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Френх немесе кортқа жуырда қайта оралған 45 жастағы атақты америкалық Винус Уильямстің қай жеңгенімен ойнайды.

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко Кицбюель (Аустрия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Әлемнің 30-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы Александр Бублик екінші айналымда рейтингіде 130-орындағы аргентиналық Тьяго Агустин Тирантенің мысын басты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Бублик 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Рейтингіде 110-сатыдағы Александр Шевченко екінші кездесуін әлемнің 91-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен өткізді. Мұнда 7:5, 6:4 есебі тіркелді. Енді қос қазақстандық теннисші ширек финалда өзара кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: