Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Елена Рыбакина Вашингтон турнирінің жартылай финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2025 12:01 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 24-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Френхпен ойнады.

Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, онда Рыбакина ұтқан еді.

Бұл жолы Елена 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Елена Рыбакина финалға өту үшін әлемнің 36-ракеткасы, 22 жастағы канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: