Қайрат Нұртастың жұбайы Ресейді аралауда

Қайрат Нұртастың жұбайы Ресейді аралауда , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 15:07 Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әйелі - Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасына Санкт-Петербург қаласынан кадрлар жариялады. Онда актриса Ресейдің тарихи музейлерінің бірі - Эрмитажға барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көпбалалы ана алған әсерлері жайлы жанкүйерлерімен бөлісті.

Ол бұл жерді "уақытқа бағынбайтын мекен" деп атады.

"Әр зал, ғасырлар сынына төтеп берген өнердің тарихын үнсіз баяндап тұрғандай. Бұл жерде адам өзін емес, әлемнің сұлулығын көріп, тыңдай алады".Жұлдыз Әбдікәрімова

Өз кезегінде оқырмандар онлайн-экскурсия үшін Әбдікәрімова алғыстарын білдірді:

  • Ай Жұлдыз... жастық шақты еске түсірдің-ау, студент кезімде жиі барушедік
  • Қандай керемет! Сана сезімі биік, ой-өрісі кең Жұлдыз қыз!
  • Шыны керек, Петербургте тірі тұрған тарих бар екенін білмеппін! Рахмет, Жұлдыз!
  • Бұл жерді дәл суреттепсің. Тылсымға толы музей...
  • Құр бейнеден гөрі танымдық ақпарат та қосқаның жақсы болды

Бұған дейін Баян Алагөзованың тағы бір марапатқа ие болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: