Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тыңдармандарына алғысын білдірді

Сурет: Instagram/rozarymbaeva
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі жолының 50 жылдығына арналған есептік, мерейтойлық концертіне билет сатып алған барша тыңдармандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің ұлы Әли Оқапов анасына әсем раушан гүл шоғын сыйлап, қуанышты жаңалықты жеткізді. Бұған жауап ретінде Роза Рымбаева өз ойындағы алаңдаушылығын жасырмады.

"Шыны керек, уайымдап едім. Қазір жаңа формат, жаңа жұлдыздар бар. Олар – заманауи, сәнде. Сол себепті алаңдадым. Бірақ бұл мен үшін үлкен қуаныш. Есептік концертіме барлық билет сатылып кетті! Дегенмен, қоңыраулар көп, реніш білдіргендер де, өтініш айтқандар да бар. Сондықтан тағы бір концерт өткізу туралы ойланып жүрмін. Бірақ бәрі де сіздерге, қымбатты көрермендерім мен тыңдармандарыма байланысты. Егер менің концерттеріме келуге ниет білдірсеңіздер, қолдау көрсетсеңіздер, бәлкім, тағы бір концерт ұйымдастырармыз? Мүмкін, тәуекел етіп көрерміз. Барлығы сіздерге байланысты", – деп жанкүйерлеріне үн қатты Рымбаева.

Бұл бастаманы қазақстандықтар да қолдады:

Пікірлер қатарында Әли Оқапов та жазба қалдырып: "Меніңше, бірден екі, тіпті үш сеанс жасау керек еді", – деп жазды.

Бұған дейін белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Рымбаева Роза

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады