Қайрат Нұртастың қызы көпшілікке өкпесін айтып, хейтерлерге үн қатты

Сурет: Instagram/kaalau__
Қазақстанның танымал жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау желіде көпшілікке назын білдіріп, ересектердің тарапынан қарша жауған хейттерге жауап қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бойжеткеннің айтуынша, оған көбіне 40-50 жастағы ересектердің тарапынан көңіліне тиетін ауыр сындар айтылады. Желідегі ағайын негізінен жасөспірімнің киімін, сырт келбетін сынға алатын көрінеді.

"Біз – өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Бізді қолдау керек. Түсіну керек. Жол көрсету керек. Ал, сіздер бізді қорлайсыздар. Сынды "тәрбие" деп жасырасыздар. Есіңізде болсын: сөз – өте қауіпті қару. Сіздің қарапайым пікіріңіз біреу үшін – жара. Ұят – мен емес. Ұят – ересек адамның баланы кемсітуі. Ұят – жек көруді "тәрбие" деп атау",- деді бойжеткен.

Жас блогердің бейнеүндеуіне желідегі ағайын пікір білдіріп, оның қолдаушылары да аз емес екенін жеткізді.

Бұған дейін Amre наурыз айында жанкүйерлерін қуантпақ екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Әбдікәрімова Жұлдыз
Нұртас Қайрат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды